Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқытушылар еңбегі еленді

Оқытушылар еңбегі еленді

Ғылыми кеңес отырысында Жұбанов университетінің бірқатар оқытушысы марапатқа ие болды.
Университет ректоры Лаура Қарабасова Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінбей тұрып берілген марапаттарды иелеріне табыстады.

Басқосуда Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі филология ғылымдарының докторы Күлзат Садироваға берілді.
Лаура Қарабасова Күлзат Қаниқызының ғылымға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және ғылым саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Абат Пангереев марапатталды. Сондай-ақ, министрліктің Алғыс хаты Иннвациялық технологиялар паркінің директоры Жанар Сартабановаға табыс етілді.

Университетіміздің тағы бір ғалымы қауымдастырылған профессор дәрежесін алды. Аталған ғылыми атақ педагогика ғылымдарының кандидаты Светлана Кубиеваға берілді. Мәжіліс отырысында Лаура Қарабасова марапат иелерін және PhD доктор дәрежесін сәтті қорғаған университеттің төрт оқытушысын құттықтады.