Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге арналған гала концерт

Студенттерге арналған гала концерт

Жақын күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында  Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен «Әділет» студенттік кəсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1-курстар арасында «Жұлдызың жансын» атты гала-концерт өтті.

Шараға университет басшылары мен университеттің студент жастары қатысты.

Мерекелік шараның мақсаты — студенттік өмірге аяқ басқан студенттердің бойындағы өнерлерін көрсету және 1-курс студенттеріне қолдау көрсетіп, оларды университет өмірімен таныстыруға мүмкіндік беру.

Меркелік шара барысында ерекше дарынымен көзге түскен, сондай-ақ оқуда үлкен жетістіктерге жеткен студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты кеште әсем ән, мың бұралған би, қызықты әзілдер мен ойындар ойнатылып, студенттер үшін қызық-қуанышқа толы болды. Өнерпаздардың қайта­ланбас бақыт пен қайта айналмас уақыт туралы әдемі ән-жырлары көрерменді тебірентті, шаттандырды.