Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түлектердің тағы бір легі диплом алды

Түлектердің тағы бір легі диплом алды

Бүгін экономика және құқық, тарих факультеттерінің түлектеріне диплом табысталды.
Салтанатты рәсімде ректор Лаура Қарабасова құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Биыл экономика және құқық факультетін бакалавариат бойынша 366, магистратура бойынша 80, ал тарих факультетін бакалавариат бойынша 143, магистратура бойынша 35 түлек бітірді.
133 студент үздік диплом иегері атанды.

Ізденіс пен еңбектің, талмай оқудың жемісі саналатын диплом табыстау сәтін бітіруші түлектердің тағатсыздана күткені сөзсіз. Осындай Батыс өңіріндегі беделді оқу орнын тәмамдап,қолына диплом алған түлектердің қуанышында шек болмады. Өз кезегінде олар сапалы білім беруге барлық жағдай жасаған оқу ордамызға, профессор-оқытушылар құрамына алғысын жеткізді.