Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Биыл ЖОО-лар бойынша астана әкімінің 1 200-ге жуық гранты бөлінді

Биыл ЖОО-лар бойынша астана әкімінің 1 200-ге жуық гранты бөлінді

Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында педагогика, медицина мамандықтары мен гуманитарлық пәндер бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланды. Биыл бұл бағыттарға 1200-ге жуық әкім гранты бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Білім гранты тізім бойынша мынадай мамандықтарға беріледі:

— педагогикалық мамандықтарға – 1 050 орын.

— медициналық мамандықтар бойынша – резидентураға 128 орын.

— гуманитарлық пәндер бойынша – исламтану, теология, дінтану – 15 орын.

Қала әкімінің білім гранты Үкіметтің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысының 2-тарау 11-тармағына сәйкес беріліп келеді.

«Білім гранты жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім гранттары конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша беріледі», — делінген қалалық білім басқармасы таратқан хабарламада.

Білім басқармасының таратқан мәліметтеріне сәйкес грант үміткерлеріне мынадай талаптар қойылады:

— ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша – кемінде 75 балл, денсаулық сақтау саласы бойынша кемінде 70 балл;

— басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша – кемінде 75 балл, денсаулық сақтау саласы бойынша кемінде 70 балл жинағандар жіберіледі.

Ал медицина мамандықтары бойынша резидентураға жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін мына сілтеме арқылы өтініш беруге болады.