Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақ жол, Жұбанов түлегі

Ақ жол, Жұбанов түлегі

Бүгін Өнер орталығында Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық, жаратылыстану, педагогика және техникалық факультеттерінің түлектеріне диплом табысталды.

Университет ректоры Лаура Қарабасова түлектерге ақ жол тілеп, жаңа өмірде батыл қадам жасауға жігер берді.

Биыл кәсіби-шығармашылық факультетін 194 түлек, оның ішінде 20-сы үздік, жаратылыстану факультетін 238 түлек, оның 64-і үздік, педагогика факультетін 247, оның ішінде 80 үздік, ал техникалық факультетін 339, оның 36-сы үздік аяқтады. Сонымен қатар төрт факультеттен 212 магистр түлеп ұшты.

Университеттің мақтанышына айналған, Каратэ спорт түрінен Әлем, ТМД және Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Нұрқанат Әжіқановтың анасы жиында құттықтау сөз сөйлеп, Жұбанов университеті басшылығы мен ұстаздарына ыстық ықыласын білдірді.