Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

Жұбанов университетінің студенттік емханасының фельдшер-лаборанты Тоймова Тоты Сағызбайқызы 55 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден өтті.

Тоймова Тоты Сағызбайқызы 17 маусым 1967 жылы Байғанин ауылында дүниеге келген. 1999 жылдың желтоқсан айынан бастап Жұбанов университетінің емханасы ашылғаннан абыройлы қызмет атқарды.

Жұбанов университетінің ұжымы Тоты Сағызбайқызының отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, университет ұжымының есінде.