Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Республикалық грант конкурсына құжат қабылдау басталады

Республикалық грант конкурсына құжат қабылдау басталады

Республикалық грант конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 13 шілде басталады.

Талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады.

Педагогикалық мамандықтар және құқықтану мамандығына конкурсқа қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы – 75, ал басқа мамандықтар үшін кемінде 50 балл болуы тиіс. Әр пән бойынша балл саны 5-тен кем болмауы керек.

Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.
Құжаттар офлайн қабылданады. Қосымша өзгерістер болса, хабарланатын болады.

Қабылдау комиссиясы дүйсенбі-жұма, 08.30-18.00 аралығында жұмыс істейді. Үзіліс 12.30-14.00.

Мекенжайы: Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263. Техникалық факультет ғимараты.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 786 12 85
8 747 518 35 83 нөмірлеріне хабарласуға болады.