Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Білім > Талапкерлер ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады

Талапкерлер ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады

Заманауи ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн режимде алу мүмкіндігін кеңейтуде. Пандемия кезінде университетке бетпе-бет байланыссыз құжаттарды тапсырудың бірнеше тәсілдері әзірленіп, сынақтан өтті.

Бүгінде жоғары оқу орындарының талапкерлерді виртуалды қабылдауы ең сенімді тәсілдердің біріне айналып отыр. Өткен жылы шалғайдағы аймақтан мыңдаған түлектердің құжаттары виртуалды жүйе арқылы қабылданды.

Биыл жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді виртуалды кеңсе арқылы онлайн қабылдауда. Университет қызметкерлері кеңес беру мен құжаттарды қабылдауды бейне байланыс арқылы жүзеге асырады.

Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында, сондай-ақ ауа райының аптап ыстығына байланысты қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда. ЖОО-ның басшылығы қабылдау комиссиясына толық дайындықтары туралы мәлімдеді.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Egov электронды үкімет порталындағы уақытша мәселелер талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына кері әсерін тигізбейді.

Ең бастысы тұрғылықты жері бойынша университеттердің біріне онлайн немесе бетпе-бет хабарласу арқылы Қазақстанның кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсыруға болады.

ЖОО және виртуалды қабылдау комиссиялары бойынша барлық қажетті ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.