Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ тарихшы «Жастар кадрлық резерві» жобасының сертификатын иеленді

Болашақ тарихшы «Жастар кадрлық резерві» жобасының сертификатын иеленді

Жақында тарих факультетінің студенті Даулет Калмагамбет Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Аппаратының «Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде» біліктілігін арттыру мақсатындағы  тағылымдамадан өтіп келді.

Бұл туралы Даулет: «Тағылымдамадан өту кезінде біздерді мамандықтарға байланысты комитеттерге бөлді. Мамандығым «Туризм» болғандықтан мені экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне жіберді. Маған мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының төраға орынбасары Асқар Базарбаев жетекшілік етті. Сол жерде біз заңнамалар жобасы қалай дайындалатындығы, оны іс жүзінде қалай жүзеге асыратындығын көрдік.  Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылыққа орай салынатын айыппұл мөлшерін азайтуға арналған жобаға дайындыққа қатыстық. Тағы да айта кетсек, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет пен еңбек кодексіне, кеден кодексі жобаларымен таныстық. Құжаттармен жұмыс жасауды үйрендік. Маған үлкен өмірлік сабақ болды», — дейді өз әсерімен бөлісіп.

Тағылымдама қорытындысы бойынша Даулет Калмагамбетке «Жастар  кадрлық  резерві»  жобасына қатысқаны үшін Сертификат табыс етілді.