Понедельник, Май 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистратура бойынша босаған білім беру гранттарына конкурс жарияланды

Магистратура бойынша босаған білім беру гранттарына конкурс жарияланды

Жұбанов университеті магистратураның білім бағдарламалары топтары бойынша босаған білім беру гранттарының орындарына конкурс жариялайды.

Қажетті құжаттарды Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы 20 шілдеге дейін қабылдайды.

 

 № Білім бағдарламасы тобының коды, атауы Түскен жылы Бос орындар саны
1 M001 Педагогика және психология 2021 1
2 М011 Физика педагогтарын даярлау 2021 1
3 М019 Шет тілдер педагогтерін даярлау 2021 1
4 М059 Шетел филология 2021 1
5 М094 Ақпараттық технологиялар 2021 3
6 М097 Химиялық инженерия және процесстер 2021 2
7 М116 Тау-кен инженериясы 2021 2

 

Қажетті құжаттар:

— Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті ректорының атына жазылған  білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға  өтініші;

— транскрипт;

— жеке куәлігінің көшірмесі.