Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ядролық қарусыз әлем — қауіпсіз

Ядролық қарусыз әлем — қауіпсіз

Осындай тақырыппен жаратылыстану факультеті «Экология» кафедрасының аға оқытушысы Г.У.Қойшығұлованың жетекшілігімен кездесу өтті. Кездесуге «Невада-Семей» қоғамдық-экологиялық қозғалысының Батыс Қазақстан аймағы филиалының директоры, «Құрмет» орденінің иегері, дәрігер-онколог І.А.Көбенов, «Невада — Семей» қоғамдық — экологиялық қозғалысының Батыс Қазақстан аймағы филиалының сараптау комиссиясының төрағасы, м.ғ.к., доцент Қ.М.Кибатаев, «Невада — Семей» қоғамдық — экологиялық қозғалысының Мұғалжар ауданы бойынша координаторы, антиядролық қозғалыс ардагері Ж.У.Талдыбаев, Семей полигонының жабылуына қатысқан, «Невада — Семей» қоғамдық — экологиялық қозғалысының ардагері Х.Х.Қырқымбаев, «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы А.Д.Бақыт қонақ ретінде шақырылды.

Шараға Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің  басшысы Ж.Ж.Қартбаева, жаратылыстану факультетінің деканы М.Ж.Махамбетов және «Экология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу аясында Семей ядролық полигонының шығу тарихы, оның қоршаған ортаға зияны және халық денсаулығына әсері, ядролық энергетиканың оң және теріс тұстары, Олжас Сүлейменовтың өмірі мен қызметі жайында келген қонақтар баяндады. Сонымен қатар, атом қаруы, Семей ядролық полигоны жайында дайындалған бейнероликтер студенттер назарына ұсынылды. Кездесу қонақтары студенттер қойған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, жастардың пікірлерін тыңдады.