Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Докторантураға құжат қабылдау басталды

Докторантураға құжат қабылдау басталды

Докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтінім беру үшін үміткерлер 3 тамызға дейін app.testcenter.kz сайтына тіркелуі тиіс.

Сонымен қатар түсуді жоспарлап отырған жоғары оқу орнына құжаттарын тапсыруы қажет. Жұбанов университетінің докторантура бойынша қабылдау комиссиясы Студенттер сарайында  орналасқан.

Құжаттар:

1) өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;

TOEFL ITP (test of English as a foreign Language Institutional Testing Programm), шекті балл – кемінде 460;

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveauv2/B2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau B2/B2 деңгейі);

француз тілі: TFI (test de Franzais International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d ‘ Etudes en langue franzaise) – B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de langue franzaise) – В2 деңгейі, TCF (test de connaissance du franzais) – кемінде 50 ұпай;

6) Электрондық форматта 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген).

7) 3×4 көлеміндегі алты фотосурет;

8) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

9) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі, зерттеу жүргізу жоспары;

4) және 7) тармақшаларда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Сертификаты бар тұлғалар (TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language institutional Testing Programm) докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Максималды балл-100 балл.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу «жіберу» немесе «жібермеу»нысанында бағаланады. «Рұқсат» бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.

ҰТО ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.

Ағымдағы қабылдауда ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге қатысу құны-10 622 тг.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты және орны оқуға түсушілердің назарына олардың жеке кабинеті арқылы немесе қабылдау комиссиясының өкілдері үміткер оқуға түскен кезде көрсеткен телефон арқылы жеткізіледі.

5-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы қабылдаудан бас тартады.

Жұбанов университетіне 2022-2023 оқу жылында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламаларына бөлінген орындар:

D003 Пәндік мамандандырусыз
педагогтерді даярлау — 1 орын;
D053 Тарих — 2 орын;
D059 Шетел филологиясы — 2 орын;
D060 Филология — 6 орын;
D090 Физика — 2 орын,
D092 Математика және статистика — 4 орын.

Барлығы 17 орын бөлінді.