Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдау басталады

Педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдау басталады

Жұбанов университетінің Қосымша білім беру департаменті пост-дипломды педагогикалық білім беру сертификациялық курсына 25 шілдеден бастап құжат қабылдауды бастайды. Құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

 Тапсырылатын құжаттар тізбесі:

  • университет басшысының атына өтініш (үлгі бойынша)
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  • білім туралы құжаттың көшірмесі нотариус арқылы (диплом қосымшасымен бірге)
  • 3х4 көлемдегі фотосурет – 6 дана
  • медициналық анықтама 075/У-формасы
  • скоросшиватель (қағаз түрі) – 1 дана
  • файл – 2 дана
  • конверт – 1 дана

Курс мерзімі – 6-9 ай

Кредит көлемі – 46

Мекенжайы мен байланыс телефондары: Ә.Молдағұлова даңғылы 34, Қосымша білім беру департаменті ( 2Б кабинеті)

Директор: Айнур Бибтовна 87026515515

Әдіскерлер:

Сандугаш Сагизбаевна 87029787246

Гүлбағдат Қалекешқызы 87059174768

Динара Утемуратовна 87714959217

Пост-дипломды білім беру- қайта даярлау сертификаттау курстары бойынша білім беру бағдарламаларының атауы Пост-дипломды білім беру-қайта даярлау сертификаттау курстарына бара алатын мамандықтар атауы
1 6В01501 – Математика 6В05401 — Математика
5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
Қолданбалы математика
2 6В01503 — Информатика 5В060200 — Информатика
6B06102 –  Ақпараттық жүйелер
6В06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
3 6B01502 – Физика 6B05301 – Физика
4 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті 6В02304 – Филология: қазақ филологиясы
5 6В01702 –Орыс тілі мен әдебиеті 6В02305 – Филология: орыс филологиясы
6 6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі 6В02303 – Шетел филологиясы
0512000- Аударма ісі
7 6В01601 -Тарих 6В02201 — Тарих
8 6В01505 -Биология 6В05101 -Биология
9 6В01504 -Химия 6В05302 — Химия