Четверг, Июнь 1, 2023
Басты > Жаңалықтар > Ғалымды еске алды

Ғалымды еске алды

Белгілі тарихшы-ғалым Беркін Құрманбековтың туыстары, қызы Айгүл Құрманбекова және әріптестері бүгін Жұбанов университетінде кездесті.

Көзі тірі болғанда профессор биыл 70 жасқа толар еді. Кездесу барысында ғалым туралы естеліктер айтылып, оның университетке сіңірген еңбегі атап өтілді.

Ол бүкіл ғұмырын білім және ғылым саласына арнады. Оқу орнында оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 20-дан астам кітап пен 200-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар басқосуда Беркін Құрманбековтың өңір тарихын зерттеуге қосқан сүбелі үлесі де айтылды.