Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Розетта Стоун бағдарламасының мүмкіндіктері

Розетта Стоун бағдарламасының мүмкіндіктері

Оқу-әдістемелік жұмыстар мен университетішілік семинар жоспарына сәйкес Халықаралық ынтымақтастық орталығы мен Цифрлық технологиялар орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Шетел тілдерін оқытатын Rosetta Stone бағдарламасының функционалдық мүмкіндіктері және оны оқу процесінде пайдалану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Аталған шараға барлық факультеттен оқытушылар мен кафедра меңгерушілері қатысты. Семинардың өткізілу мақсаты университет профессор-оқытушыларын, студенттерін шетел тілін Розетта Стоун бағдарламасы арқылы үйрету және онымен жұмыс істеу жолдарымен таныстыру болып табылады.

Rosetta Stone — Rosetta Stone Incorporation компаниясы әзірлеген және шығарған компьютер көмегімен шет тілдерін оқытуға арналған бағдарламалық өнім. Бағдарламаның атауы және оның логотипі Розетталық тас деген мағынаны білдіреді, ол лингвистерге Мысырдың иероглифтерін анықтауға көмек берген. Розетта Стоун бағдарламасы арқылы шетел тілінде мәтіндерді, суреттерді және дыбыстарды үйлестіреді, сондықтан сөздіктер мен грамматиканы пайдаланбай есте сақтауға көмек береді. Өнім жарнамасында, бұл адамдардың өздерінің алғашқы тілін үйрену әдістерімен бірдей жолы болып табылатындығы туралы айтылады.

Бүгінгі таңда университетіміздің бірқатар студенттері мен оқытушылары аталған бағдарламамен жұмыс жасап шет тілін меңгеріп жүр. Сонымен қатар, семинар барысында ағылшын тілін және элективті пәндерді оқыту процесінде Rosetta Stone зияткерлік жүйесін пайдаланудың ұтымды жолдары туралы айтылды. Семинар соңында Rosetta Stone Incorporation компаниясының ТМД елдері бойынша өкілі А.С.Ильинскиймен онлайн сұхбат жүргізіліп, семинар тыңдаушылардың бағдарлама бойынша қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.