Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Докторантураға түсу емтихандары басталды

Докторантураға түсу емтихандары басталды

Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Емтихандар 20 тамызға дейін жалғасады. Оқуға түсу емтиханының күні, уақыты, орны туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 10 тамызда жарияланды. Өткізіп алмаңыздар! Емтихан нәтижесі келесі күні оқуға түсетін адамның «жеке кабинетінде» жарияланады», делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінде.

Апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.