Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жатақханаларды аралады

Жатақханаларды аралады

Жаңа оқу жылы жақындап қалды. Қыркүйек айында өңірдегі ЖОО-дар мен колледждер студенттермен толығады. Осыған орай, «Жастар рухы» ЖҚ ЖОО-лар мен колледждер жанындағы жатақханалардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мен студенттердің орналасуы бойынша мониторингтік жұмыс жүргізуді бастап кетті.

Ақтөбе облысы бойынша студенттерге арналған 38 жатақхана бар. Оның 11-ы ЖОО жанында, ал қалған 27-і (9-ы аудандарда орналасқан) колледждерге қарасты.

Бүгін «Жастар рухы» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелерімен және депутаттармен мониторингтік топ құрып Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеті жанындағы 4 жатақханада және Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі жанындағы жатақхананы аралады.

Жұмыс тобы облыстағы ең ірі оқу орынның 4 жатақханасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайының қалыпты екендігіне және студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз етуге дайын екендігіне көз жеткізді. Ал Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі жанындағы жатақханасына бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Аталған мониторингтік жұмыс күн сайын жалғасатын болады.

 

/aqtobegazeti.kz/