Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Конституция күніне орай қазақстандықтардың жұмыс күндері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 тамыздан бастап қазақстандықтар үшін ұзақ жұмыс аптасы басталады. Яғни, мерекелердің кейінге шегерілуіне байланысты қазақстандықтар алты күн жұмыс істейді. 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтеді.

Биыл бұл атаулы мереке сейсенбіге дөп келеді. Сондықтан 29 тамыздағы жұмыс күні 27 тамызға ауыстырылды. Осылайша, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 27 тамыз – жұмыс күні. Ал 28, 29 және 30 тамыз демалады. Алты күндік жұмыс аптасы бойынша қызмет ететіндер үшін 27 тамыз – жұмыс күні, 28 тамыз – демалыс күні, 29 тамыз – жұмыс күні, 30 тамыз – демалыс күні.