Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > Ғылым және жоғары білім форумы өтіп жатыр

Ғылым және жоғары білім форумы өтіп жатыр

24-25 тамыз күндері елордада «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым мен жоғары білім форумы өтіп жатыр.

Форумда қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланады, жаһандық трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалады, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер қалыптастырылады.

«Адами капитал — Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумына ғылым мен жоғары білім өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, топ-менеджерлер, жұмыс берушілер, оқытушылар, жас ғалымдар мен студенттер қатысуда.

Форум шеңберінде форсайт-сессиялар,семинарлар, кездесулер жоспарланған.