Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Заманауи басшының тұлғалық қасиеттерін талқылаған семинар

Заманауи басшының тұлғалық қасиеттерін талқылаған семинар

Университеттің «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша «ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының қолдауымен «Заманауи басшы: тұлғалық қасиеттер, дағдылар мен құзыреттіліктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-семинар  өтті.

Семинар барысында білім беру, ғылым және бизнес саласының өкілдері арасында болашақ табысты басқарушыларды даярлаудағы теориялық және тәжірибелік мәселелерді интеграциялау мақсатында диалог орын алды. Жұмысқа орналасуда, сондай-ақ әрі қарай жұмыс барысында эмоционалды интеллект, креативтілік, көшбасшылық қабілет сияқты қажетті тұлғалық қасиеттер мен кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамыту мәселелері талқыланды.

Семинарда шетел ЖОО-серіктестерінің өкілдері Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық-экономикалық университеті «Басқару және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры Л.М. Аллахвердиева, Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің  «Экономика» кафедрасының доценті, э.ғ.к. А.Р.Инятовтар сөз сөйледі. Сондай-ақ, Нархоз Университеті  «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары да белсенділік танытты. Университет тарапынан э.ғ.д., «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының профессоры Х.Х.Кусаинов, э.ғ.к., профессор, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің координаторы Б.А.Жунусов, «Экономика  және менеджмент» кафедрасының оқытушылары  Г.Т.Кунуркульжаева және Н.Б.Султамуратова лар баяндама жасады. Сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Е.М.Нургалиев «Бизнес сабақтары: жеке тәжірибе» тақырыбында мазмұнды баяндама жасаса, «Достық» Кәсіпкерлер клубының» директоры Н.Н.Ильясов  «Басшының табыстылығы келіссөзде» атты баяндамасын ұсынды.

Семинар жұмысына «Экономика және менеджмент» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Жәңгір Хан атындағы Батыс-Қазақстан  агро-техникалық  университетінің магистранттары  Марал Альсейтова мен  Гульбадам Джумабаева  да қатысты. Семинар қатысушылар тарапынан оң бағасын алды, олар мол тәжірибе жинағандықтарын, семинар жұмысы жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.