Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері

Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері

Елордада өтіп жатқан Ғылым және жоғары білім форумының бүгін екінші күні. «Адам капиталы – Жаңа Қазақстан дамуындағы негізгі ресурс» форумы аясында түрлі кездесулер, семинарлар өтіп жатыр. Солардың бірі Назарбаев университетінде «Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері» тақырыбына арналған семинар болды.

Семинарға жоғары оқу орындарының проректорлары мен ғылым және инновациялар департаменті басшылары, қызметкерлері онлайн қатысуға мүмкіндік алды. Жұбанов университетінің коммерциялық бөлімі де аталған шараға онлайн қатысты.

Семинар барысында халықаралық эксперт Kendrick White технологияны коммерциаландыру бойынша сәтті жобалар жайлы айтты. Сонымен қатар семинарда 9 спикер сөз алып, ғылым мен кәсіпті интеграциялау барысындағы өзекті мәселелерді талқылап, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.