Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Білім > «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Жұбанов университетіне 19 грант бөлді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Жұбанов университетіне 19 грант бөлді

Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры талапкерлерге бөлген білім гранттарының нәтижесі белгілі болды.

Аталған грантқа Жұбанов университетінен 19 талапкер ие болды. Грант бөлінген мамандықтар қатарында мұнайгаз ісі, дене шынықтыру және спорт, биотехнология, менеджмент, филология, психология, математика, қаржы, қазақ тілі және әдебиет, ағылшын тілі, есеп және аудит т.б мамандықтар бар.

Грант иегерлерін құттықтаймыз!