Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бірінші курс студенттеріне бағдар беру аптасы басталды

Бірінші курс студенттеріне бағдар беру аптасы басталды

GPA дегеніміз не? Академиялық адалдық қағидаттары қандай? Оқу процесі қалай жүреді?

Жаңадан оқуға түскен студенттер университетпен танысып, осы сұрақтардың жауабын ала бастады.

Үш күнге созылатын бағдар беру аптасында студенттер университеттің ішкі ережелерімен, білім беру жүйесімен танысып, оқу ғимараттарын аралайтын болады. Сонымен қатар олар Академиялық сапаны арттыру, студенттерге қызмет көрсету орталығы, ғылыми кітапхана, университет емханасы және факультеттер туралы жалпы мәлімет алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша да кеңінен айтылады.

Бірінші курс студенттері бас қосқан жиында университеттің Басқарма мүшелері кредиттік технология бойынша оқу процесі қалай жүретінін, ғылыми-практикалық жұмыстар, университеттің ішкі тәртіп ережелері жайлы айтып берді.