Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Қыркүйектің 5-і – Алаш ардақтысы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының көзқарасы бүгінгі күні де өте маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24». Әсіресе қатерлерді еңсеру үшін бірігетін халқымыз, бірліктің арқасында қаншама сынақты қайыспай көтерді. Қазақтың ұлы ғұламасы араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін құрастырды. Осы арқылы ғалым қазақ халқының тез сауаттанып, хат тануына, оқу-білімге деген құштарлықтарының оянуына ерекше ықпал етті. Алаштың рухани көсемі, арда азаматтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде кең ауқыммен аталып өтуде.

//24.kz/kz/