Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Болашақ студенттің оқу ақысын алдын ала жинақтау жүйесі құрылады

Болашақ студенттің оқу ақысын алдын ала жинақтау жүйесі құрылады

ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ақысын алдын ала жинайтын «эскроу-шот» құралын енгізбекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осындай жоспары бар екенін айтты.

«Білім алуға қаражат жинақтау құралы ретінде оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, балалар мен студенттердің жасына қарай білім беруге қаржы жинақтаудың мемлекеттік жүйесін пайдалану мәселелерін пысықтап жатырмыз. Бұл шаруаны жинақтаушы 18 жасқа, яғни мектеп бітіргенге дейін Оқу-ағарту министрлігі, мектеп бітіргеннен кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі реттейді», — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Аталған эскроу-шот арқылы ваучерлік жүйеге көшу көзделіп отыр.

«Сараланған гранттар, яғни оқу ақысының 30%-ынан 100%-ына дейін беру ұсынылады. Сараланған грантты енгізу тәсілдері пысықталуда. Алдағы уақытта тәртібін таныстырамыз», — деді министр.

//www.inform.kz/kz/