Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > «Күміс университет» — үздіксіз білім алу мүмкіндігі

«Күміс университет» — үздіксіз білім алу мүмкіндігі

Үздіксіз білім алу кез келген адам үшін аса маңызды.

Жұбанов университетінде үздіксіз білім беру тұжырымдамасы аясында «Күміс университет» жобасы 2020-2021 оқу жылында жүзеге асты. Бұл жоба зейнет жасындағы аға буын өкілдеріне қосымша білім алуына, заманауи дағдыларды игеруге мүмкіндік туғызады.

Жұбанов университетінің «Күміс университеті» өз жұмысын бірнеше бағытта жүзеге асырады: салауатты өмір салты жүйесі, емдік дене шынықтыру/массаж; тұлғалық даму психологиясы,балалар мен немерелермен қарым-қатынас; бейнелеу өнері, музыкалық сергіту; компьютермен және смартфонмен жұмыс, интернет желісіндегі қауіпсіздік; ағылшын тілін үйрету.

Бүгінде курсты 60-қа жуық тыңдаушы тәмамдап, сертификаттарға ие болды.
Айта кету керек, курстар тегін. Қатысам деушілер университеттің Қосымша білім беру департаментіне жолығуына болады.