Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өтті

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өтті

Бүгін Жұбанов университетінде  Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығына орай тіл жанашырлары мен зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өтті.

Жиында ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым, түркітанушы, публицист, аудармашы, ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен еңбектері туралы кеңінен айтылды.

Сонымен бірге Алаш зиялылары және қазақ тілі туралы, қазақ терминологиясы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі туралы зерттеуші-ғалымдар баяндамалар жасады. Жұбанов университетінің ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты Сабыржан Мұхтаров мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары жайында сөз қозғап, пікірін білдірді.