Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұмыла еңбек етуге тиіспіз!

Жұмыла еңбек етуге тиіспіз!

Нұрдәулет АЛДАШЕВ,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің

қазақ филологиясы  кафедрасының  оқытушысы

Қазіргідей ақпарат саласы дамыған кезеңде жас ұрпақты заман талабына сай оқыту, тәрбиелеу өте маңызды. Осыны ескерген Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында: «Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілдерін оқытуды барынша күшейту маңызды. Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін қажет. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз — жастардың білімінде», — деді.

Шынында да, білімді жастары көп ел ғана дамып, өркендейді. Ол үшін бүгінгі ұрпақ жаңа заман талабына сай білім алып, өздерін жан-жақты дамытуы керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қоғамдағы өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, алға қойылған міндеттерді айқындап берді.

Егер айтылған тапсырмалар уақытында орындалсын десек, оған барлығымыз атсалысып, қызмет етуіміз қажет. Сондықтан ел жастарын тәрбиелеп отырған біз, аға буын өкілдері де, жастар қауымы да, Президенттің бастамаларын іске асыруда жұмыла еңбек етуге тиіспіз. Ендеше, сөзден іске кірісейік!

 

/aqtobegazeti.kz/