Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетіне келді

Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетіне келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Гүлдара Нұрымова Жұбанов университетіне келді.

Депутаттар оқу орнының материалдық-техникалық оқу базасын аралап көрді.
«Материалдардың радиациялық физикасы» лабораториясы, бас ғимараттағы заманауи жабдықталған лектік залдар, Студенттер сарайы, Жастар үйін аралады. Сондай-ақ, Инновациялық технологиялар паркінде болып, оның ішіндегі зертханалардың жұмысымен танысты.

Әсіресе, қонақтар университеттің педагогикалық мамандықтарды даярлау әлеуетіне қызығушылық танытты.

Университет ректоры Лаура Қарабасова алдағы уақытта 30 жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу туралы пилоттық жоба дайындалып жатқанын, шетелдік жоғары оқу орындарынан педагогикалық бағыттағы білікті профессорларды тағылымдамадан өткізу жоспарда екенін атап өтті.

Кездесуде Мәжіліс депутаттары өңірдің білім және ғылым саласын дамытуда, педагог мамандарды ынталандыруда дайындалатын жобаларға қолдау танытуға ынталы екенін жеткізді.