Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер киелі жерлерді аралады

Студенттер киелі жерлерді аралады

Жұбанов университетінің жүзге жуық студенттері Қобда ауданына барып, киелі жерлерін аралады.

Экскурсия барысында олар Әлия ауылындағы Әлия мұражайы, реконструкциялау жұмыстары жүріп жатқан Шәкен Ишан мешіті, Қобыланды батыр кесенесінде болып, тарихи тың деректермен танысты.

Сапарды ұйымдастырудағы мақсат — оқу орнына басқа облыстар мен шетелден келген студенттерге және өзге өңірден келген жас мамандарға Ақтөбе облысының киелі жерлерін таныстыру.

Сапарды бастап барған әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор Есбол Муханбетқалиев қолдау танытқан университет басшылығына алғысын білдіріп, мұндай шаралардың жастарға берер тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.