Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алдағы сайлау – тың өзгерістер кезеңі

Алдағы сайлау – тың өзгерістер кезеңі

Жұбанов университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына орай семинар өткізілді.

Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты сұрақтарды талқылады.

Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандатын қалыптастыру, кезектен тыс Президент сайлауы мен Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау мәселесі туралы пікірін білдірді.

Жиында барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру үшін мемлекеттің әлеуметтік бастамаларын жалғастырудың маңыздылығы айтылды. Талқылауға студент жастар да қатысып, өз ойларын ортаға салды.