Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Чемпиондардың кеңесі

Чемпиондардың кеңесі

Спорт чемпиондары замандастарына салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңес берді. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде спорттың әр түрінен жеңімпаз атанған жүлдегерлердің студенттермен кездесуі өтті. Ел, өңір намысын қорғап жүрген олар — осы жоғары оқу орнында білім алады.

Боксшылар, балуандар, жүзушілер, көпсайысшылар және интеллектуалды спорт түрінен чемпиондар -барлығы да университеттің мақтан тұтар, бетке ұстарлары. Олар — бүгінгі спорттың белесін, республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерді бағындырып жүргендер. Тығыз жаттығу кестесіне және түрлі сапарларға қарамастан, оларға оқу кезінде босаңсу жоқ.

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері үшін жетістікке жеткен құрбы-құрдастарымен кездесулер үнемі ұйымдастырылып отырады. Көбіне жастар тәжірбиесімен, білген-түйгендерімен бөліседі. Бүгінгі спикерлер салауатты, белсенді өмір сүрудің маңыздылығы, спортты насихаттады.

Чемпиондар білім алып жүрген «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында жаттықтырушылар да даярланады. Ал ұстаздар болса, олар да — бұрынғы спортшылар, ғылыми дәреже иеленгендері бар. Жеңімпаздарды дайындау мақсатында өздерінің әдіс-тәсілдерін жүзеге асырып жүр.

Гүлбағда Қайратқызы

источник