Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Әлеуметтік қолдаулар көбейеді

Әлеуметтік қолдаулар көбейеді

Matrix коворкинг орталығында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен townhall форматында өткен жиында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Жиынға этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Ассамблея жастары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, белсенді студенттер қатысты.

Әуелі сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиев Жолдаудағы білім, денсаулық салаларына қатысты айтылған тұстарға тоқталды:

— Денсаулық сақтау саласының ардагері ретінде енді елді мекендерде емдеу мекемелерінің көбейетініне қуандым. Мәселен, біздің облыста 18 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ екен. Осындай олқылықтардың орнын толтыру тұрғындар үшін маңызды, — дейді Роман Рахиев.

«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Ақтөбе филиалы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юрий Шек әке ретінде Жолдаудағы бала тәрбиесіне қатысты айтылған бастамаларды қолдайтынын айтты.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы Үмбетқан Сәрсембин еліміздің жетістіктерін бағалау керектігін, бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыздың өзі біле білген адамға зор бақыт екенін атап өтті.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ

//aqtobegazeti.kz/