Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын жасақтау жолдарын игерді

Жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын жасақтау жолдарын игерді

Жұбанов университетінің бір топ оқытушылары мен қызметкерлері Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен барып, тәжірибе алмасып келді.

Сапар барысында олар «Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы семинарға қатысып,  жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындау және енгізу жолдарымен танысты.

Сондай-ақ, Жұбанов университетінің өкілдері түрлі әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер мен  эксперттік сессияларға қатысты.

Айта кетейік, ашық әдіснамалық семинарды Торайғыров университеті, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы және BTS-Education компаниясы ұйымдастырды.