Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сенбілік ұжымдық рухты көтерді

Сенбілік ұжымдық рухты көтерді

Бүгін қаламыздағы барлық білім беру мекемелерінде кезекті жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Бұл ретте Жұбанов университетінің ұжымы да сенбілікке өз үлестерін қосты.

Университет аумағын санитарлық тазалауға бағытталған сенбілік барысында басқарма басшылары, қызметкерлер  мен ерікті жастар бекітілген орындарда еңбек етті. Күн райы да ашық, қолайлы болып, ұжымдық рухты көтере түсті. Таза ауада таң шуағымен көңілдері көтерілген университет ұжымы ғимарат аумағын тазалап, ағаштардың түбін қопсытты.

Сенбілікке қатысушылар «Университетіміздің айналасы таза, көрікті болуы тиіс. Сондықтан бүгін ортақ мүддемен, ниетпен еңбектенгенімізге қуаныштымыз»,- деп тарасты.