Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алмат тамына зерттеу жұмыстарын жүргізді

Алмат тамына зерттеу жұмыстарын жүргізді

Жақында Жұбанов университетінің тарихшы ғалымы Рахым Бекназаров пен архитектура профессоры, белгілі сәулетші Ләйля Тұрғанбаева Ырғыз ауданындағы атақты Алмат тамына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді.

Алмат тамы 19 ғасырдың аяғында салынған сәулет өнері ескерткіші. Ырғыз ауданының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан.

Жұмыс барысы туралы Рахым Бекназаров: «Алмат тамы реставрациялық жұмыстарға іліккен болатын. Сол ескерткіште археологиялық ізденістер өткізіліп, біраз бұған дейін ескерілмеген тұстары байқалды: жерлеу камералары, кірпіш өлшемдері, әшекей әлементтер және т.б. Кесене әлде де зерттеуді қажет етеді. Ендігі мақсатымыз шатырдың көлемін, түрін анықтап реставрация жұмыстарын келесі жылы аяқтау», — деп атап өтті.