Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеді

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеді

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының басшылары республикалық телекөпір арқылы тілдесті. Ауқымды шараға рухани жаңғырудағы академиялық тазалық тақырыбы арқау болды. Мақсат- іргелі білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, мейлінше әділ болуға шақыру.

Телекөпір Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл мазмұндағы шаралар жоғарғы оқу орындарында жылына бірнеше мәрте өткізіледі. Ол үшін меморандумға қол қойылған.

Астана қаласында өткен бейне-конференция кезінде сарапшы мамандар мен ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары айтылды. Мұны еліміздің барлық аймақтары онлайн қосылу арқылы тыңдады. Конференция қорытындысында «Құрметті ұстаз» республикалық эстафетасы бастау алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия 10 жылға құрылды. 60 заң қабылданды. Бұл қазақстандықтар арасында заң бұзушылыққа жол бермеуде маңызды рөл атқарады. Заңның бұл тетіктері Ақтөбе өңірінде де сәтті жүзеге асуда.

источник