Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жастар тәрбиесі — баршаға ортақ міндет

Жастар тәрбиесі — баршаға ортақ міндет

Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің қатарында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, діни сауаттылық, сыбайлас жемқорлықты болдырмау т.б. мәселелер тұр.

Жұбанов университетінде аталған мәселелер бойынша студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бір апта бойы арнайы мамандармен кездесулер өткізілмек.

Бүгін «Адалдық алаңы» кеңсесінің эксперті Айтуған Тәжімұратов пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы, исламтанушы Медет Искаков жастармен кездесті.

Кездесу барысында дін саласындағы келеңсіздіктердің алдын алу, діни экстремизммен күресуде діни сауатсыздыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық туралы жалпы ақпараттар берілді. Сонымен қатар діни сауаттылықты отбасы, қоғам болып қолға алу, діннен қорықпай, жастарға дұрыс діни таным қалыптастыру, жастарды нақты азаматтық ұстанымға, патриотизмге баулудың маңыздылығы атап өтілді.

Жиында жастар мамандарға сұрақтар қойып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.