Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жаңа Қазақстан — жаңа қадам

Жаңа Қазақстан — жаңа қадам

Жаңашылдыққа қашан да әзір болу керек. Бұл бастамалар елде біраздан бері қордаланып қалған мәселелерді шешуге жол ашады, дейді ақтөбелік зиялы қауым өкілдері. Жаңа Қазақстанға жаңа қадам жасауда, әсіресе, жастарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Себебі, білікті мамандар ғана мемлекеттің қозғаушы күші бола алады. Бұл мәселеге университет ұстаздары да ерекше назар аударып отыр.

Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты:

Саяси реформаны жүзеге асыруға көзделіп отырған бастамалар қоғамдағы, мемлекеттің рухани өміріндегі саяси институттардың, сонымен қатар құқықтық институттардың одан әрі нығаюына әсер етеді деп ойлаймын. Оны уақыт та талап етіп отыр, халық та күтіп отыр.

Ғосман Төлеғұл, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Кем дегенде екі адамды ұсынуы Президенттің — бұл жаңағы мәслихаттың депутаттарын әрі ойландырады, әрі сол жаңағы кандидаттардың осы қарымы қандай, білім қандай, тәжірибесі қандай, әрімен қарай әкете алатындай оның қауқары бар ма деген сияқты мәселенің төңірегінде қайта ойландыруға тиісті. Ойландырып қана қоймай, сол тиісті, лайықты таңдау жасауға итермелейді деп ойлаймын.

Жақсыбек Кемал