Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Семинар өтті

Семинар өтті

Жұбанов университетінде жас оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өткізілді.

Семинарды Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе филиалының тренері Тұрсынай Көпжасарова жүргізді. Тренер қатысушыларға халықаралық зерттеулер аясында оқу сауаттылығын дамытуға негізделген тапсырмаларды қолдану және PISA тапсырмаларын құрастыру қадамдарын түсіндіріп, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, семинар барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары талқыланды.

Іс-шараға университеттің қырыққа жуық жас оқытушылары қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.