Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Тәжірибе алмасты

Тәжірибе алмасты

Жақында Астанада өткен ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша «Технологияларды коммерциаландыру реакторы» мамандандырылған диалог алаңына Жұбанов университетінің Коммерциаландыру офисінің жетекшісі Нұрбек Дүймуханов қатысып, тәжірибе алмасып келді.

Кездесуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қоры «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Басқосу барысында бірнеше ғылыми жобалар таныстырылды. Олардың ішінде — темір марганец кендерін және энергетикалық көмірді пайдалана отырып, ферросиликомарганецтің стандартты сорттарын өндіру, инновациялық технологияларды қолдану арқылы мұнай қалдықтарын қайта өңдеу, көліктерден шығатын газдардағы улы компоненттерді басуға арналған катализатор өндірісін ұйымдастыру, баламалы электр тоғын өндіруге арналған генераторларды жасау жане жаппай өндіру және т.б бар.
Кездесу нәтижесінде кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасында бірлескен іс шаралар туралы келісім жасалды.