Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Белсенді жастар марапатталды

Белсенді жастар марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры  Лаура Қарабасова  облыс әкімі Ералы Тоғжановтың алғыс хатын студенттерге табыс етті.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген университеттің отыз студенті облыс басшысының алғыс хатымен марапатталған болатын.

Ректор облыстың қоғамдық саяси-өміріне ғана емес, университетте де белсенділік танытып жүрген жастарға, олардың ата-аналарына алғысын білдірді. Әсіресе, Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда белсенділік танытқан жастарды үлгі етті.  Жұбанов жастары дәл өздеріңдей білімді, ақылды, позитивті болуы қажет деп атап өтті.

Облыс басшысының алғыс хатында: «Өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге зор алғыс білдіремін! Алдағы уақытта да осындай ел мерейін үстем ететін игі істеріңіз көп болып, еңбегіңіз ел жастарына үлгі болады деп сенемін. Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін!»- делінген.