Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады

Қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады

Жоғары оқу орындарының контингентінің басым бөлігін студенттер құрайтын болғандықтан, жастардың мұң-мұқтаждарына, проблемаларына, қалауларына дер кезінде назар аударып отыру – уақыт күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондай-ақ, кез келген жоғары оқу орны қоғаммен кері байланысты нығайтуы қажет. Бұл туралы Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, тапсырмалар жүктеген болатын.

Жақында Жұбанов университеті жанынан қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады. Онда профессор-оқытушылар мен қызметкерлер, білім алушылардың туындаған сұрақтарына немесе ұсыныстарының шешімін табуға көмектесу, ғылым және жоғары білім саласындағы жобаларды іске асыруды үйлестіру т.б. мәселелер қаралады. Сонымен қатар, студенттермен, ұжыммен, қоғаммен тұрақты жұмыс істейтін байланыс арналары құрылады.

Қоғамдық қабылдауды университет ректоры басқарады. Ол өз жұмысын Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ахуалдық орталықтың басшысымен бірлесе үйлестіреді.

Қоғамдық қабылдау тек шағымдармен ғана емес, нақты идеяларымен келген азаматтардың ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналмақ. Оның құрамында ақпараттық қолдау орталығы, контент-фабрикасы, әлеуметтік зерттеу орталығы ашылатын болады.