Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстандық студенттер мен оқытушылар Huawei компаниясында білім алып, тәжірибеден өте алады

Қазақстандық студенттер мен оқытушылар Huawei компаниясында білім алып, тәжірибеден өте алады

Digital Bridge 2022 халықаралық форумында Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Ол бойынша қазақстандық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Енді студенттердің Huawei компаниясында тәлім алуына, ақпаратты-коммуникациялық технология саласында сертификаттаудан өтуіне, арнайы ұйымдастырылған білім беру конкурстарына қатысуға және жұмысқа орналасуына қолғабыс жасалады. Сонымен қатар оқытушылар Huawei өткізетін білім беру процесі мен біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатыса алады.
«Бүгін біз Huawei жаһандық компаниясымен Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы цифрлы білім мен дағдыларды дамыту саласында маңызды ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Алдағы үш жылда Huawei Қазақстандағы цифрлы білім деңгейін ілгерілету үшін АКТ академиясын дамытады. Еліміздің жетекші университеттерінде ынтымақтастық аясында 50-ден астам Huawei академиясы құрылады деп күтілуде. Бұл академиялар бүкіл еліміз бойынша 5000-ға жуық студентті қамтиды деп жоспарлануда. Оқыту нәтижесі бойынша студенттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған Huawei сертификатын ала алады», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар Huawei жыл сайын компанияға жұмысқа орналасу үшін сертификаттаудан өткен қазақстандық студенттер үшін бос орындары жәрмеңкесін өткізеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera компаниясымен үш жақты меморандумға қол қойған болатын. Келесі жылдан бастап студенттеріміз қазақ және орыс тілдеріне бейімделген Coursera курстарын таңдап, сәтті тәмамдаған жағдайда тиесілі кредиттерді иеленеді. Үш жыл ішінде кем дегенде 100 000 қазақстандық студент пен қолданушы Coursera платформасына қол жеткізе алады.
/gylym.jogarybilim/