Вторник, Март 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе кеші көңілді

Ақтөбе кеші көңілді

Қазіргі жастарға өз өнерін көрсетуге мүмкіндік көп. Ақтөбе қаласындағы Арбат алаңында бас қосатын жастар бір-бірімен танысып, өз өнерлерін көрсетіп, жақсы демалыс өткізеді.Сондай іс-шараның бірі Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шағын концерт түрінде өтті.

Шығармашыл жастардың бастамаларын қолдау мақсатында өткізілген концертте жастар бір серпіліп қалды.

— Дарынды музыкант, бишілеріміз өздерінің өнерлерін көрсету үшін жиналды. Олардың бойындағы талант тұншығып қалмауы керек. Керісінше көрермендерден шабыт алып, әрі қарай өзінің болмысын аша түссе екен дейміз. Сол себепті, жастардың басын қосуды жөн көрдік, — дейді Қ.Жұбанов университеті MidMar.community клубының мүшесі Назерке Досбаева.

Кеш көркін қыздыруға MidMar.community, Arsu Stars және  BigFam би топтары атсалысты.

 

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

/aqtobegazeti.kz/