Вторник, Март 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұстаздық – ең асыл мамандық. Біз мұғалімдерді құрметтейміз, өйткені олар жоғары деңгейдегі тұлға. Елімізде ұстаздар қашанда ерекше құрметке ие. Біз мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін арттыру шараларын жалғастырамыз. Ұстаздар күні құтты болсын!», делінген баспасөз қызметі таратқан құттықтау сөзінде.