Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Республикалық байқаудың студенттік шәкіртақысына ие болды

Республикалық байқаудың студенттік шәкіртақысына ие болды

Республикалық студенттік шәкіртақы байқауы еліміздегі дарынды студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және т.б. қабілеттерін ынталандыру мақсатында 2010 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры шәкіртақысы тек оқу үлгерімі жоғары ғана емес, сондай-ақ түрлі конференция, форум, байқауларға қатысып жүрген талантты жастарға беріледі.

Жеңімпаздарымыз тарих факультетінің студенті Асылжан Нұрлан, экономика және құқық факультетінің студенті Милина Наурызбекова, филология факультетінің студенті Дильназ Абенованы құттықтаймыз!