Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Белсенді жастар бас қосты

Белсенді жастар бас қосты

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Ақтөбе-мүмкіндіктер мекені» тақырыбында белсенді жастардың форумы өтті.

Іс-шараға қаламыздағы жоғары оқу орындарының білім алушылары, еріктілер, сондай-ақ, университетіміздің белсенді жастары қатысты.

Облыс басшысы сөзінде жастар әлемдік аренадағы еліміздің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш екенін атап өтіп, әлемнің жарық жұлдызы Димаш Құдайберген, «RobiGroup» компаниясын құрып, елімізде ең алғаш рет адам тектес роботты құрастырған Ермек Серікбай, «Thousand IT Group» компаниясын құрып, 30-дан астам мобильді қосымша ойлап шығарған Айболат Құлатайдай т.б. жастарды үлгі етті. Ералы Лұқпанұлы дарынды жастардың бастамаларын іске асыруға жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде жастар емін-еркін пікір алмасып, көкейде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Облыста Технологиялық парк құру, жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй мәселесін қарастыру бойынша пікірлер ортаға салынды.

Шараның қонақтары Jaiq Non-Profit Organization» директоры Ибрахим Ташим, Білім саласының тұрақты даму қорының басшысы Данияр Тоқтарбаев, Қазақстандағы алғашқы инклюзивті фитнес-орталықтың негізін қалаушы Динара Наумова, «АСАР-УМЭ» қорының негізін қалаушы Асхат Нурмашев т.б. жетістікке жетіп жүрген жастар тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл жүздесудің өңірдегі жастар үшін маңыздылығы жоғары болды.