Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > М.Оспанов атындағы БҚММУ әскери кафедрасында оқығысы келетін Ақтөбе қаласының ЖОО 1 курс студенттері үшін

М.Оспанов атындағы БҚММУ әскери кафедрасында оқығысы келетін Ақтөбе қаласының ЖОО 1 курс студенттері үшін

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысқысы келетін студент белгіленген тәртіппен арыз жазуы және  Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасында (Киселев көшесі, 2үй.)  есепте тұруы қажет.

Конкурсқа жасы 25-тен аспаған, ЖОО күндізгі бөлімінде оқитын Қазақстан Республикасының бұрын сотты болмаған  азаматтары қатыса алады.

Студенттерді әскери кафедраға іріктеу конкурсы үш кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезең — әскери-дәрігерлік экспертиза өткізу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік экспертиза органдары туралы  Ережелеріне сәйкес медициналық тексеруден өту;
  • Екінші кезең — кәсіби-психологиялық тестілеуден өту;
  • Үшінші кезең – дене дайындығын тексеруден өту.

Әскери кафедрада оқу мерзімі — 2 жыл, оқу ақысы жылына – 201 мың тенге.

Әскери тіркеу инспекторы М.И.Исбулатова («Темірқазық» БАҚ ҚКО).

Мына мекен-жайда анықтама алуыңызға болады:  Маресьев көшесі, 72 үй, 26, 34, 45 кабинеттер, байланыс телефоны;  54-16-92 (М.Оспанов атындағы БҚММУ әскери кафедрасы).