Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әдебиет майталмандары Ақтөбеге жиналды

Әдебиет майталмандары Ақтөбеге жиналды

Бүгін Жұбанов университетінде елімізге танымал қарымды қаламгерлер бас қосты.
Олардың қатарында Тынымбай Қарин, Жақып Бауыржан, Ақұштап Бақтыгереева, Қасымхан Бегманов, Ілия Жақанов тағы басқалары бар.

Республикалық «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдебиет форумы  биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

Еліміздің атақты ақын-жазушылары, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, облыс әкімінің қатысуымен өткен отырыста әдебиет саласына қатысты атқарылған шаралар, алдағы жоспарлар жайлы айтылды.

Форумның мақсаты — қазақ әдебиетінде көрнекті із қалдырған, айтулы тұлғаларымыздың атын ұлықтау, насихаттау, қазақ әдебиетінде әр түрлі жанрлар мен бағыттарда жазылған шығармалар қатарын толықтыру.

Ақтөбемізге ат басын тіреген зиялы қауым өкілдері форум аясында  «Кітап фестивалі-2022» шарасының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, Есет Көкіұлының 355 жылдығына арналған ғылыми конференцияның құрметті қонағы болды.

Форум аясында әдеби байқауға қатысқан түрлі номинация жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.